Кейта Бальде Диао (; 8 наурыз 1995https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/238752, Арбусьяс, Каталония) — сенегалдық футболшы, Сенегал Ұлттық футбол құрамасы мен "Монако" клубының жартылай қорғаушысы. 2017, 2019 жылдары Африка Ұлттары кубогына, 2018 жылы әлем чемпионатына қатысты. 2019 жылғы Африка Ұлттары кубогының финалисі.
Испанияның "Барселона", "Корнелла" және Италияның "Лацио" клубтарының академиясында ойнаған. 2013 жылы кәсіби карьерасын "Лациода" бастады. Сол жылы 15 қыркүйекте "Кьевоға" қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты. Сол маусымда Еуропа Лигасы ойындарында да өнер көрсетті.
2017 жылы тамыз айының соңында "Монакоға" ауысты. 2018/19 жылғы маусымды "Интерде" арендада өткізді.
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Сенегал футболшылары Санат:Сенегал Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Лацио ФК ойыншылары Санат:Монако ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары