Эмерсон Палмери дос Сантос (; немесе қысқаша Эмерсон, ; 3 тамыз 1994 жылhttps://www.worldfootball.net/player_summary/emerson_18/, Сантус, Бразилия) — бразилиялық және италиялық футболшы, Италия Ұлттық футбол құрамасы мен "Вест Хэм Юнайтед" клубының қорғаушысы.

Мансабы "Сантос" клубының түлегі. Кейін "Палермо", "Рома" клубтарында ойнап, 2018 жылы жазда "Челсиге" ауысты.

Бразилияның 17 жасқа дейінгі құрамасында ойнап, 2011 жылы Эквадорда өткен жасөспірімдер арасындағы Оңтүстік Америка чемпионатына қатысты. Турнирде алты кездесуде алаңға шығып, бір гол соқты (Чили құрамасына).

Сол жылы жазда Мексикада өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысты да, алты кездесуде құрама намысын қорғады.

2018 жылы 10 қыркүйекте Португалияға қарсы УЕФА Ұлттар Лигасында тұңғыш рет Италия құрамасы сапында алаңға шықты.

Жетістіктері Командалық

«Сантос»

Паулиста лигасы — 2011 Паулиста лигасы — 2012

«Челси»

Англия кубогы — 2017/18 УЕФА Еуропа Лигасы — 2018/19 Вест Хэм УЕФА Конференция Лигасы 2022/23 Халықаралық

Бразилия-17

Оңтүстік Америка чемпионы — 2011 Италия

Еуропа чемпионы: 2021

Дереккөздер

Сілтемелер Статистикасы Профилі

Санат:Бразилия футболшылары Санат:Италия футболшылары Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Сантос ФК ойыншылары Санат:Палермо ФК ойыншылары Санат:Рома ФК ойыншылары Санат:Челси ФК ойыншылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары Санат:Вест Хэм Юнайтед ФК ойыншылары