Марк Вильмотс (; 22 ақпан 1969https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/286, Донгельберг, Бельгия) — бельгиялық футболшы, шабуылшы, жаттықтырушы. Бельгия және Кот-Д'Ивуар құрамаларын жаттықтырды.

Мансабы Ойыншы мансабы 1990-2002 жылдары Бельгия құрамасында ойнады. 1998 жылғы әлем чемпионатының екінші ойынында Мексиканың қақпасына екі доп соқты.

2002 жылғы әлем біріншілігінде топтық турнирдің үш ойыннында да гол соқты. 1/8 финалда Бразилияның қақпасына соққан таза голын төреші түсініксіз себептермен есептемей тастады.

Карьерасында төрт бірдей әлем чемпионатына қатысты. "Мехелен", "Стандард", "Бордо", "Шальке" клубтарында доп тепті.

Бапкер мансабы "Шальке" клубында ойнап жүріп, 2003 жылы футболшылық карьерасын аяқтады да, келесі жылы бапкерлікті де осы клубты жаттықтырудан бастады.

2012-16 жылдары Бельгия құрамасын жаттықтырды. 2014 жылғы әлем чемпионаты мен 2016 жылғы Еуропа чемпионатында ширек финалға жетті. 2016 жылғы ЕУРО-дан соң ол қызметтен кетті.

2017 жылы Кот-Д'Ивуар құрамасының бас жаттықтырушысы боп тағайндалды. Бірақ 2018 жылғы әлем біріншілігінің іріктеуінде құрама финалдық турнирге жолдама ала алмады да, ол қызметтен де босады.

Жетістіктері

Бельгия құрамасы сапында әлем чемпионаттарында ең көп гол соққан ойыншы: 5 гол Бельгиядағы жыл бапкері: 2014 Дереккөздер

Сілтемелер Web page on the Belgian Senate web site Санат:Бельгия футболшылары Санат:Стандард Льеж ФК ойыншылары Санат:Мехелен ФК ойыншылары Санат:Шальке 04 ФК ойыншылары Санат:Шальке-04 ФК жаттықтырушылары Санат:Бордо ФК ойыншылары Санат:Сент-Трюйден ФК ойыншылары Санат:Сент-Трюйден ФК жаттықтырушылары Санат:Кот-д'Ивуар Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Бельгия Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Бельгия футбол жаттықтырушылары Санат:Бельгия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары