Көктерек — Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы, Көктерек ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы - Кішкенекөл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 57 км-дей жерде, Сілетітеңіз көлінен солтүстікке қарай 7 км-дей жерде орналасқан.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 470 адам (251 ер адам және 219 әйел адам) болса, 2009 жылы 321 адамды (162 ер адам және 159 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Дереккөздер
Санат:Уәлиханов ауданы елді мекендері