Эдерзиту Антониу Маседу Лопиш (, Эдер ( ретінде танымал); (22 желтоқсан 1987https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/84481, Бисау, Гвинея Бисау) — португалиялық футболшы, шабуылшы. 2016 жылғы Еуропа чемпионы. Мансабы Эдер Гвинея-Бисауда дүниеге келген. Балалық шағында отбасы Португалияға көшіп өтті. Португалиялық "Адемия" клубының түлегі. Кейін "Академика", "Брага" секілді Португалия клубтарында, Францияның "Лилль", Англияның "Суонси Сити" командаларында доп тепті. "Лилль" сапында ойнап жүріп, 2017 жылы Мәскеудің "Локомотивіне" жалға берілді. 2018 жылы жазда мәскеулік теміржолжылар Эдерді түпкілікті сатып алды. Қазір сол командада ойнайды.
Португалия Ұлттық футбол құрамасында 2012 жылдан бері ойнап келеді. Құрамадағы алғашқы голын 2015 жылы 15 маусымда Италияның қақпасына соқты.
2016 жылғы Еуропа чемпионатының финалында Францияның қақпасына матч тағдырын шешкен жалғыз голды соқты.
Жетістіктері
Клубтық «Академика»
Португалия кубогы (1): 2011/12
«Брага»
Португалия Лига кубогы (1): 2012/13
«Локомотив»
Ресей чемпионы — 2017/18
Ұлттық құрама Португалия
Еуропа чемпионы: 2016
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі Профилі Профилі Профилі
Санат:Португалия футболшылары Санат:Академика ФК Санат:Брага ФК ойыншылары Санат:Суонси Сити ФК ойыншылары Санат:Лилль ФК ойыншылары Санат:Локомотив Мәскеу ФК ойыншылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары Санат:Португалия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары