Рафаэл Аделину Жозе Геррейру (; 22 желтоқсан 1993 жыл, Ле-Блан-Мениль, Франция) — португалиялық футболшы, Бавария клубының және Португалия құрамасының қорғаушысы. 2016 жылғы Еуропа чемпионы.
Мансабы Португалдық француздар отбасында дүнеге келген. Португалия құрамасының өкілі болғанымен, Франция футболының түлегі. "Кан" клубының жастар командасында ойнап, кәсіпқой карьерасын да осы клубтан бастады.
2013-16 жылдары "Лорьян" командасында доп тепті. 2016 жылы "Боруссияға" ауысты. Келісім шартының мерзімі 2020 жылға дейін.
Ұлттық құрама сапында 2014 жылдан бері ойнап келеді. 2015 жылы жастар арасындағы Еуропа чемпионатына, 2016 жылы Ецропа чемпионатына, 2017 жылы Конфедерациялар кубогын, 2018 жылы әлем чемпионатына қатысты.
Жетістіктері
Командалық
«Боруссия» (Дортмунд)
Германия кубогы — 2016/2017
Халықаралық
Португалия
Еуропа чемпионы — 2016 Конфедерациялар кубогының қола жүлдегері: 2017
Португалия-20
Жастар арасындағы Еуропа чемпионы — 2015
Сілтемелер Профилі L'Équipe stats Foot-National profile
Санат:Португалия футболшылары Санат:Кан ФК ойыншылары Санат:Лорьян ФК ойыншылары Санат:Боруссия Дортмунд ФК ойыншылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары Санат:Бавария ФК ойыншылары