Деян Ловрен (; 5 шілде 1989, Зеница, Югославия) — хорват футболшысы, "Зенит" футбол клубы мен Хорватия құрамасының қорғаныс шебінде ойнайды. 2018 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

2014 жылғы әлем чемпионатына қатысқан.

Мансабы Клубтық Карьерасын 2005 жылы "Динамо" (Загреб) сапында бастады. Хорватия чемпионатындағы алғашқы ойынын 2006 жылы мамырда "Ватекс" клубына қарсы өткізді. Көп ұзама сол жылы жазда Хорватияның екінші дивизионында ойнайтын Запрешичтің "Интер" клубына жалға беріліп, бір маусымнан соң клуб жоғары лигаға жолдама алды.

2008 жылы жазда "Динамоға" қайта оралды.

2010 жылы жазда "Олимпик Лионға" ауысты.

2013 жылы "Саутгемтонмен" төрт жылдық келісім шарт жасасты. Бірақ 2014 жылы шілдеде "Ливерпульге" ауысты.

Ұлттық құрама Ұлттық құраманың 17, 19, 21 жасқа дейінгі командаларында ойнап, 2009 жылы 8 қазан күні Катар құрамасымен жолдастық кездесуде негізгі құрамада тұңғыш рет алаңға шықты.

Жетістіктері Динамо (Загреб)

Хорватия чемпионы (2): 2005/06, 2008/09 Хорватия кубогы: 2008/09

Интер (Запрешич)

Хорватия ІІ лигасының чемпионы: 2006/07

Олимпик Лион

Франция кубогы: 2012

Ливерпуль

УЕФА Чемпиондар лигасы: 2018/19 УЕФА Суперкубогы: 2019 Зенит

Ресей суперкубогы: 2020

Дереккөздер

Сілтемелер Футболшының профилі

Санат:Хорватия футболшылары Санат:Ливерпуль ФК ойыншылары Санат:Хорватия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Динамо Загреб ФК ойыншылары Санат:Саутгемптон ФК ойыншылары Санат:Олимпик Лион ФК ойыншылары Санат:Зенит ФК ойыншылары