Эндрю Робертсон (; 11 наурыз 1994 жыл, Глазго, Шотландия) — шотланд футболшысы, Шотландия құрамасы мен Ливерпуль клубының қорғаушысы.

Мансап

Клубтық Эндрю Робертсон - Селтик және Queen's Park клубтарынан гыққан. 2012 жылдың 28 шілдесінде Бервик Рейнджерске қарсы Challenge Cup матчында ол соңғысының дебютін жасады. 11 тамызда Шығыс Стирлингширге қарсы матчта Эндрю Шотландияның үшінші дивизионында дебют жасады. 13 қарашада Шығыс Стирлингширге қарсы матчта ол Queen's Park сапындағы алғашқы голын соқты.

2013 жылдың жазында Робертсонның келісімшарты аяқталып, ол Данди Юнайтедке еркін агент ретінде қосылды. 2 тамызда Парик Тислге қарсы матчта Эндрю Шотландияның Премьер-Лигасында дебют жасады. 22 қыркүйекте Мотервеллге қарсы матчта ол Данди Юнайтед үшін алғашқы голын соқты.

2014 жылдың жазында Эндрю ағылшындық Халл Ситиге көшіп, үш жылдық келісімшартқа қол қойды. Трансфер құны 3,5 миллион еуроны құрады. 16 тамызда Куинз Парк Рейнджерске қарсы матчта ол Ағылшын Премьер-лигасында дебют жасады. Жыл соңында Робертсон Шотландиядағы ең үздік жас футболшы деп танылды. 2014/2015 маусымының соңында клуб Чемпионатқа жіберілді, бірақ Эндрю командада қалуды шешті. 2015 жылдың 3 қарашасында Брентфордқа қарсы матчта ол Халл Сити үшін алғашқы голын соқты.

2017 жылдың жазында Робертсон Ливерпульге көшті. Трансфер құны 10 миллион фунт болды. Ол Ағылшын Премьер-Лигасындағы алғашқы ойынын Кристал Пэласқа қарсы ойында өткізді. 2018 жылдың 13 мамырында Брайтон энд Хоув Альбионға қарсы матчта Эндрю Ливерпуль үшін алғашқы голын соқты. 2017/2018 маусымында ол Ливерпульмен бірге Чемпиондар лигасының финалына дейін жетті, бірақ команда сол финалда жеңіліп қалды. Мадридтік «Реал» «Ливерпульді» 3:1 есебімен ұтты. 2019 жылдың 17 қаңтарында ол клубпен келісімшартын ұзартты. 2018-2019 маусымында ол Чемпиондар лигасын жеңіп алды, финалда «Ливерпуль» «Тоттенхэм Хотспурды» 2:0 есебімен жеңді.

Ұлттық құрама 2014 жылы 5 наурызда Польшаға қарсы жолдастық матчта Робертсон Шотландия құрамасының сапында дебют жасап, екінші таймда Барри Баннанның орнына шықты. 18 қарашада Англияға қарсы ойында ол ұлттық құрама сапындағы алғашқы голын соқты.

2021 жылы Робертсон Еуропа чемпионатына қатысты. Турнирде ол Чехия, Англия және Хорватия командаларына қарсы матчтарда ойнады.

Жетістіктері Ливерпуль Англия чемпионы (2): 2019/20, 2024/25 Англия кубогы: 2021/22 Англия футбол лигасының кубогы: 2021/22, 2023/24 Англия суперкубогы: 2022 УЕФА Чемпиондар лигасы: 2018/19 УЕФА Суперкубогы: 2019 Клубтар әлем чемпионаты: 2019

Ұлттық құрамадағы голдары Ұлттық құрама сапында 2014 жылы 5 наурызда Польшамен ойында алаңға шықты. #ДатаӨткізілген орынҚарсыласЕсепНәтижеТурнир01.18 қараша 2014Селтик Парк, Глазго, ШотландияАнглия1:21:3Жолдастық кездесу02.1 қыркүйек 2017ЛФФ стадион, Вильнюс, ЛитваЛитва0:20:3ӘЧ-2018 іріктеу

Дереккөздер

Сілтемелер Футболшының профилі

Санат:Шотландия футболшылары Санат:Ливерпуль ФК ойыншылары Санат:Шотландия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Селтик ФК ойыншылары