Эфиопия Ұлттық футбол құрамасы — Халықаралық футбол жарыстарында Эфиопияның намысын қорғайтын құрама. ФИФА және КАФ мүшесі. 1962 жылғы Африка чемпионы. Тарихы Елдегі футбол ұйымы 1943 жылы құрылып, тоғыз жылдан соң ФИФА-ға тіркелді. Африка Ұлттары кубогы өткізіле бастаған кезде Эфиопия турнирдің басты фавориттерінің бірі болған. 1957 жылы-ақ күміс жүлде иеленді, екі жылдан соң қола жүлдеге қол жеткізді. Бір қызығы, соы екі турнирде бір гол да соққан жоқ. 1957 жылы жартылай финалдағы қарсыласы ОАР жарысқа қатсудан бас тартып, автоматты түрде финалға шықты да, финалда Мысырдан ұтылды. 1959 жылы үш құрама ғана қатысып, турнир топтық кезең тәсілімен өтті де, Эфиопия үшінші орында қалды.

1962 жылы турнирде жеңіп шықты. 1970 жылға дейін турнирге тұрақты қатысты да, кейін мүлдем әлсіреп кетті. 1970 жылдан соң осы күнге дейін Африка кубогының финалдық кезеңіне не-бары үш рет қана шығыпты. Соңғы рет 2013 жылы қатысып, топтан шыға алмады.

Ешқашан әлем чемпионатына қатыспаған. Жетістіктер Африка чемпионы: 1962 Африканың күміс жүлдегері: 1957 Африканың қола жүлдегері: 1859 Орталық және Шығыс Африка чемпионы: 1987, 2004, 2005 Дереккөздер

Сілтемелер ФИФА сайтындағы профилі

Санат:Эфиопия Ұлттық футбол құрамасы