Серік Сәрсембайұлы Бердалин (6 шілде, 1947 жыл) — КСРО және қазақстандық футболшы, футбол бапкері. 1995-97 жылдары Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының бапкері болған. Қазақтан құрамасының Бақтияр Байсейітов пен Бауыржан Баймұхамедовтен кейінгі үшінші бапкері.
Карьерасы Он шақты жыл Қарағанды клубтарында ("Шахтер", "Теміртау") ойнап, 1978 жылы бапкерлік карьерасын Қарағандының "Шахтерін" жаттықтырудан бастады.
Ұлттық құраманы 1995-97 жылдары жаттықтырды. Ол құраманы 1996 жылғы Азия Кубонының іріктеуіне дайындады, бірақ көрсеткен нәтижелері сәтсіз болды. 1998 жылғы әлем чемпионатының іріктеуін Ирак пен Пәкістан құрамаларын өз алаңында да, сырт алаңда да жеңіп, жақсы бастағанымен, екінші кезеңде Корея, Жапония, Өзбекстан, БАӘ құрамаларының арасында соңғы орында қалды.
1998 жылы құрама бапкерлігінен босады да, Павлодардың "Ертісіне" бас бапкер боп тағайындалды. 2000 жылы Қарағандыға оралып, кеншілер клубын баптады. 2001-03 жылдары "Есіл" командасына жаттықтырушы болды.
Тағы қараңыз
Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы 1995
Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы 1996 Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы 1997
Марапаттары Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері және Қазақстан спортының еңбегі сіңген спортшы атанған. 1995 жылы Қазақстанның үздік бапкері номинациясының иегеріИгра как лекарство.
Дереккөздер
Cілтемелер Жаттықтырушының профилі
Санат:Шахтер Қарағанды ФК ойыншылары Санат:Шахтер-Болат ФК ойыншылары Санат:Қазақстан футбол жаттықтырушылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Шахтер Қарағанды ФК жаттықтырушылары Санат:Ертіс ФК жаттықтырушылары Санат:Жетісу ФК жаттықтырушылары Санат:Қызылжар ФК жаттықтырушылары