Нам Джу Хек (, кор. 남주혁) — Оңтүстік Корея актері және модель. Ол «Сен кімсің: мектеп 2015» және «Ауыр атлетика перизаты Ким Бок Чжу» дорамаларында өз рөлдерімен аса танымал.
Өмірбаяны
Нам Джу Хек 1994 жылы 22 ақпанда Корея Республикасының Пусан қаласында дүниеге келді. Отбасында жалғыз бала. Бала кезінде анасымен жиі керісетін, бірақ қазір Джу Хектің айтуы бойынша, олар жылы қарым-қатынаста.Nam Joo-hyuk's Official Profile by YG Entertainment. Naver People Search Portal.
Сонымен қатар, ол аласа бойлы болатын. Сол себептен 6-сыныпта ата-анасы оны баскетболға жіберді. Оның жылдамдығы мен ептілігі арқасында ол мектеп командасының мүшесі атанды. Жоғары мектептің (ЖОО) 3-сыныптарында Джу Хек 30 см-ге дейін өсіп, оның бойы 180 см-ден асып кетті. Жас жігіттің баскетбол дағдылары да жаңа деңгейге көтерілді. Ол тіпті болашақта жоғары мектептің командасының құрамына кіру үшін ұсыныс алды. Алайда, сол жылы алған жарақат Джу Хекке баскетболмен кәсіби түрде айналысуға мүмкіндік бермеді. Осылайша болашақ актер бұл арманынан біржола бас тартты.Nam Joo-hyuk talks about his basketball past and leg injury. Daum Celebrity News, 2015. Кейін оның басқа қызығушылығы пайда болды — модельдік бизнес. Жаңа арман Джу Хекке толығымен орындалмайтындай болып көрінді, өйткені ол сол уақытта Сеулден 30 км қашықтықта орналасқан Сувонда тұрды. Мектептің 2-курсында (сыныбында) Джу Хек ата-анасына айтпастан модельдік академиядағы тыңдауға қатысты. Ата-аналар бұл туралы білгеннен кейін, оған рұқсат бермейтіндіктерін айтты, сондықтан Джу Хек мектепте оқуды жалғастырды.Interview with Nam Joo-hyuk: From a basketball dreamer to a rising star. TenAsia Magazine, 2014.
Мансабы 2013 жылы ол K Plus модельдік академиясы ұйымдастырған «Model 1-day experience» бағдарламасы туралы жарнама көрді. Бұл бағдарлама бойынша байқауға қатысушы модельдеу негіздерін үйреніп, сәл тәжірибеден кейін тыңдаудан өтті. Ал жеңімпазға арналған сыйлық — K Plus Academy-де орын және стипендия болатын. Джу Хек өз арманын жүзеге асыруға осы мүмкіндікті жіберіп алмай, нәтижесінде 50-ден астам конкурсанттан озып, бірінші орынды иеленді.K-Plus Model Academy Center: History of "Model 1-day experience" winners (2013 Season). 2013 жылдың мамыр айынан бастап Джу Хек 3 ай бойы K Plus академиясына барды. Тамыз айында оқуын бітіріп, ол дереу модельдік агенттікпен келісімшартқа қол қойды. Чжу Хек қатысқан алғашқы шоу — «2013 Plac Jean F/W» жинағы болды. Бірақ оның модель ретіндегі ресми дебюті 2013 жылдың қазанында сән апталығында өткізілген «SONGZIO Homme S/S 2014» көрсетілімі болды. Өзінің бірінші маусымына қарай оннан астам көрмелерге қатысу, дебютант үшін жемісті бастау болып табылады.Nam Joo-hyuk's runaway debut at Seoul Fashion Week. Herald Pop News, 2013.
2014 жылы Джу Хек AKMU (Akdong Musician) тобының «200%» және «Give Love» бейнеклиптерінде түсірілді. Сондай-ақ, ол «The Little Mermaid» (Артық болған су перісі) фантастикалық телехикаясында Пак Тэ Баканың («Биг») қосалқы рөлін ойнады. Сол жылы Джу Хек «ICON: Nam TV» бағдарламасына қатысып, «Saturday Night Live Korea» комедиялық шоуына қонақ ретінде келді.K-Drama "The Idle Mermaid" Official Cast Lineup and Broadcasting Info. Osen News Portal, 2014. Сондай-ақ, 2014 жылдың шілде айынан 2015 жылдың наурыз айына дейін Джу Хек «Off to School» бағдарламасының тұрақты қатысушысы болды.JTBC Variety Show "Off to School" fixed members list: Nam Joo-hyuk's participation. Entertainment News Chosun, 2015.
2015 жылдың қаңтарында Джу Хек «Running Man» бағдарламасына қонақ болып, көктемде ол «Сен кімсін: мектеп 2015» телехикаясында басты рөлге ие болды. Оның Хан И Ан - кәсіби жүзгіштің рөлін сомдады.
2016 жылы ол «Тышқан қақпанындағы ірімшік» және «Алқызыл жүрек: Коре» телехикаясында қосалқы рөл сомдап, сол жылы «Ауыр атлетика перизаты Ким Бок Чжу» дорамасында басты рөлді ойнады. 2017 жылы Романтикалық қиял-ғажайып «Құдай өзенінің қалыңдығы» атты кино шығармада ойнады.
2018 жылы ол үлкен кинотеатрда «Анти қорғаны» тарихи кинотеатрында дебют жасаған.
Жеке өмірі Алғаш рет Джу Хек қызбен орта мектептің 3-сыныбында кездесіп, олардың қатынастары 3 жылға созылды. Тіпті егер, Джу Хек оны барлығы бір рет көрген болса да ұзақ уақыт бойы жадында қалатын, сүйкімді, нәзік қыздар ұнайды. Оған қамқорлық жасауды және оны қорғауды қалайды. Джу Хекке өзінің идеалын сиппатау қиын. Себебі, ол оның сұлулығы мен фигурасында емес, оның жүрегінде қандай сезімдер туғызатындығына байланысты. 2017 жылдың 24-ші сәуірінде агенттік Нам Джу Хектің өзінің «Тышқан қақпасындағы ірімшік» және «Ауыр атлетика перизаты Ким Бок Чжу» думандарында жұмыс істеген модель және актриса Ли Сон Генмен қарым-қатынаста екенін растады. Бірақ, 2017 жылдың 18 тамызында, жұп өздерінің жеке жағдайларына байланысты айырылғаны белгілі болған.
Шығармашылығы Телехикаялар Жылы Қазақша атауы Түпнұсқалық атауы Рөлі2014 Су перісі The Idle Mermaid Пак Тэ Бак (Биг)2015 Сен кімсін: мектеп 2015 Who Are You: School 2015 Хан И Ан2015 Жарқыраған қиял Glamorous Temptation Чин Хён У2016 Тышқан қақпағындағы ірімшік Cheese in the Trap Квон Ын Тхэк2016 Алқызыл жүрек: Корё Moon Lovers: Scarlet Heart Ryeo Пэк А2016 Ауыр атлетика перизаты Ким Бок Чжу Weightlifting Fairy Kim Bok-joo Чон Чжун Хён2017 Өзен құдайының қалыңдығы Bride of the Water God Хабэк
Фильмдер Жылы Қазақша атауы Түпнұсқалық атауы Рөлі2018 Анти қорғаны 안시성 Самуль
Музыкалық шығармалар Жыл Ән Орындаушы 2014 «200%» Akdong Musician 2014 «Give Love» Akdong Musician 2015 «Chocolate» Каннам (feat. Сан И)
Жетістіктері жылы марапат категория жұмыс қорытынды2015 APAN Star Awards Үздік жаңа актер Сен кімсін: Мектеп 2015 Жеңіс 2015 KBS Drama Awards Танымалдығы үшін марапат Сен кімсін: Мектеп 2015 Жеңіс 2015 KBS Drama Awards Үздік жаңа актер Сен кімсін: Мектеп 2015 Номинация 2015 Korea Drama Awards Үздік жаңа актер Сен кімсін: Мектеп 2015 Номинация 2016 MBC Drama Awards Үздік жаңа актер Ауыр атлетика перизаты Ким Бок Чжу Жеңіс 2016 MBC Drama Awards Керемет жұп ( Ли Сон Гёнмен бірге) Ауыр атлетика перизаты Ким Бок Чжу Номинация 2016 MBC Drama Awards Үздік жетістіктері үшін марапат Ауыр атлетика перизаты Ким Бок Чжу Номинация 2017 Korea Drama Awards Үздік жаңа актер Ауыр атлетика перизаты Ким Бок Чжу Жеңіс 2017 DramaFever Awards Жаңа туған жұлдыз Тышқан қақпасындағы ірімшік Жеңіс
Қызықты фактілер Орта мектептің 3-ші сыныбында брекет салдырған. Сувонның ірі «Suwon Bisang» баскетбол командасының мүшесі. Джу Хекке ол CN Blue-нің мүшесі Ли Чжон Шинге, B1A4-дегі Бароға және Ли Хен У мен Ю А Инге ұқсас екенін айтады. Фотосессияға жоспарланған уақыттан бір сағат бұрын келеді. Ол әрдайым түсірілімге ерте келуді ұнатады. «Су перісі» фильміне түсірілгеннен кейін, бірнеше ай бойы актерлік шеберлік сабақтарын алды. Мен жанкүйерлердің «Ұлттың бірінші сүйіспеншілігі» берген атағына ризамын. Спортшы И Ан мектепте сирек болғандықтан және Тэ Кван түсірілімнің үлкен бөлігін «ұйқы режимінде» болғандығынан Хан И Ан мен Кон Тэ Кванды ( «Сен кім: Мектеп 2015») «жалғыз»деп атап кеткен. «Сен кімсін: Мектеп 2015»-ның директоры Джу Хек пен Сон Чжэні «мылқау бауырлар» деген лақап берді. «Егер адам ешқашан берілмесе, ол қалағанына ерте ме, кеш пе қол жеткізе алады» деп Джу Хек арманға ие болған адам әрқашан мақсатқа жете алады, барлығы оның мақсатқа жету үшін не істеп отырғанына байланысты. Дереккөздер
Санат:XXI ғасыр актерлері Санат:Оңтүстік Корея актерлері