«Панатинаикос» (грек. Παναθηναϊκός Αθλητικός Όμιλος) — грек футбол клубы, Афина қаласынан Грек Суперлигасында сынға түседі. Спорттың 24 түріне команда қосатын "Панатинаикос" спорт қоғамына қарасты клуб. Үйдегі ойындарын «Апостолос Николаидис» стадионында өткізеді. АЕК, "Олимпиакос" клубтарымен бірге елдегі ең үздік ұжымдардың бірі саналады.

Тарихы Грекияның 20 дүркін чемпионы. Еуротурнирлердегі ең жоғарғы жетістігі — 1971 жылғы УЕФА Чемпиондар Кубогының финалы. Финалға дейін Англияның "Эвертон", Югославияның "Црвена Звезда" клубтарымен кездесті. Екеуін де тек сырт алаңда соғылған доптардың басымдығымен ғана ұта алды, "Эвертонмен" сыртта — 1:1, өзінде — 0:0. Жартылай финалда югославиялық қызыл жұлдыздардан сыртта 1:4 есебімен ойсырай ұтылғанымен, өзінде 3:0 есебімен ұтып, тұңғыш рет финалға шықты. Финалда сол кездегі құрамында Йохан Кройф секілді көш басшысы бар мықты клуб — "Аякстан" ұтылуға мәжбүр болды. Есеп — 0:2.

Сол жылғы құрлықаралық кубокқа "Аякс" қатысудан бас тартты да, оның орнына "Панатинаикос" ойнады. Уругвайдың "Насьоналымен" өз алаңында 1:1 есебімен тең ойнап, сырт алаңда 1:2 есебімен ұтылып қалды.

Жетістіктері Грекия чемпионы (20): 1930, 1949, 1953, 1960, 1961, 1962, 1964, 1965, 1969, 1970, 1972, 1977, 1984, 1986, 1990, 1991, 1995, 1996, 2004, 2010 Грекия кубогы (18): 1940, 1948, 1955, 1967, 1969, 1977, 1982, 1984, 1986, 1988, 1989, 1991, 1993, 1994, 1995, 2004, 2010, 2014 Грекия суперкубогы (3)http://www.worldfootball.net/winner/gre-supercup/: 1988, 1993, 1994 УЕФА Чемпиондар Кубогының финалисі: 1971 УЕФА Кубогының 1/4 финалисі: 1987/88, 2002/03 Балқан кубогының жеңімпазы (1): 1978 Құрлықаралық кубоктың финалисі (1): 1971

Құрамы №Поз.ФутболшыТ/к1Ққ Сократис Диудис199333Ққ Константинос Коцарис199699Ққ Одиссеас Влаходимос19942Қр Маттиас Йоханссон19923Қр Эмануэль Инсуа19914Қр Йоргос Кутрубис199121Қр Димитрис Курбелис199326Қр Димитрис Коловециос199141Қр Стефанос Эвангелу199878Қр Усман Кулибали19895Жқ Нуну Рейш19916Жқ Христос Донис19947Жқ Омри Альтман19948Жқ Гильермо Молинс198810Жқ Лукас Вильяфаньес199111Жқ Брайан Кабезас199717Жқ Робин Лод199334Жқ Пасхалис Стайкос199638Жқ Теодорос Мингос199839Жқ Анастасиос Хадзийованис199771Жқ Панайотис Влахомидос19919Шб Андрес Чавес199118Шб Лусиано199349Шб Сотирис-Пантелеймон Писпас1998

Дереккөздер

Санат:Грекия футбол клубтары