2018 жылға дейін әлем чемпионаттарында 2379 гол соғылды. Демек, мүшел голдардың саны 23 (бірінші голды қоса есептесек, 24). Алғашқы голды 1930 жылы 13 шілдеде француз футболшысы Люсьен Лоран Мексика құрамасының қақпасына соқты. Жүзінші гол арада төрт жыл өткен соң соғылды, италиялық Анджело Скьявио АҚШ қақпасына енгізді.

Мыңыншы голды әлем халқы 48 жыл күтті. 1978 жылы нидерландылық Роб Ренсенбринк Шотландияның қақпасына пенальтиді дәл соғып, мыңыншы голдың авторы атанды. Кейінгі жылдары әлем чемпионаттарындағы матчтардың көбеюіне байланысты, 2000-шы гол 2006 жылы-ақ соғылды, авторы швециялық Маркус Алльбак. Жалпы, мүшел голдарға келгенде шведтердің жолы болғыш, мүшел голдардың үшеуі Швеция құұрамасына тиесілі (300, 1400, 2000).

1800-ші гол 2002 жылы АҚШ—Португалия матчында соғылды, авторы португалиялық Бету. Арада 12 жыл өткен соң, 2014 жылы да осы екі құрама қайта кездесті. Бұл жолғы матч та мүшел голсыз өтпеді, америкалық Джонс әлем чемпионаттары тарихындағы 2300-ші голды енгізді.

1998 жылы оңтүстік африкалық Пьер Исса француздармен ойында өз қақпасына гол соғып алды. Бұл — мүшел голдар арасындағы жалғыз ғана автогол.

Мүшел голдар тізімі № голАвторМатчЖылМинут1 Люсьен ЛоранФранция—Мексика—4:1193019-мин100 Анджело СкьявиоИталия—АҚШ—7:1193464-мин200 Харри АндерссонШвеция—Куба—8:0193889-мин300 ШикуБразилия—Испания—6:1195055-мин400 Макс МорлокГФР—Түркия—7:2195477-мин500 Бобби КоллинзПарагвай—Шотландия—3:2195875-мин600 Дражан ЕрковичЮгославия—Уругвай—3:1196249-мин700 Пак Сын ДинКХДР—Чили—1:1196688-мин800 Герд МюллерГФР—Болгария—5:2197087-мин900 Эктор ЯзалдеАргентина—Гаити—4:1197415-мин1000 Роб РенсенбринкНидерланд—Шотландия—2:3197834-мин1100 Сергей БалтачаКСРО—Жаңа Зеландия—3:0198269-мин1200 Жан-Пьер ПапенФранция—Канада—1:0198678-мин1300 Гари ЛинекерАнглия—Парагвай—3:0198671-мин1400 Джонни ЭкстремШвеция—Коста-Рика—1:2199032-мин1500 Клаудио КаниджаАргентина—Нигерия—2:1199421-мин1600 Пьер Исса (автогол)Франция—ОАР—3:0199877-мин1700 Словодан КомленовичАҚШ—Югославия—0:119984-мин1800 Бету СеверуАҚШ—Португалия—3:2200239-мин1900 Кристиан ВьериКорея—Италия—2:1200218-мин2000 Маркус АлльбакШвеция—Англия—2:2200651-мин2100 Хавьер ЭрнандесФранция—Мексика—0:2201064-мин2200 Арьен РоббенУругвай—Нидерланд-2:3201073-мин2300 Джермейн ДжонсАҚШ—Португалия—2:2201464-мин2400 Лука Модрич Нигерия—Хорватия—0:2201871-мин2500 Фахреддин Бен-ЮссефПанама—Тунис—1:2201851-мин

Санат:Футболдан әлем чемпионаты