Жиембаев Жазкен Тайшықұлы – ғалым, ауыл шаруашылығы ғылым доктторы (1972), Қысқаша өмірбаяны
1942-44 профессияның 2-дүниежүзінде соғысқа қатысқан. 1940 Қазақстанда өсімдік қорғау ғылымын ұйымдастырушы. Омбы ауыл шаруашылық институтын бітірген. 1940 – 41 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылық мектебінің директоры; 1941 – 42 ж. Майбалық МТС-тың бас агрономы; 1946 – 47 жылдары Бал арасы тәжірибе станцияның директоры; 1947 – 58 жылдары жаңадан ұйымдастырылған респупликалық өсімдіктерді қорғау станцияның; 1958 – 76 жылдары Қазақ өсімдіктерді қорғау ғылым-зертхана институтының директоры; 1976 – 78 жылдары осы институтта фитопатология бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1978 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институтының (Қазақ ұлттық агроном университетінің) фитопатология кафедрасының меңгерушісі болды. Еңбектері Жиембаевтың негізгі ғылым еңбектері астық дақылдарының қаракүйе, тат, тамыр шірігі, ақ ұнтақ, тағы басқалар ауруларын зерттеуге, оларды тежеуге бағытталған шаралар жүйесіне арналған. Оның 13 монографиясы мен 50-ден астам өндіріске арналған ұсыныстары жарық көрді. Жиембаев Қызыл жұлдыз, 2-дәрежелі Отан соғысы, “Құрмет белгісі” ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Шығармалар: Головня хлебных злаков и борьба с ней, А.-А., 1955; Жүгеріні аурудан сақтау шаралары, А., 1968; Корневая гниль зерновых культур, А.-А., 1971; Дәнді дақылдарының аурулары, А., 1974. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том
Сілтемелер ҚазАқпарат
Дереккөздер
Санат:Қазақтар