Еркін Елесбекұлы Мұсабаев (3.1.1943 жыл, Қазығұрт ауданы, Майлыошақ ауылы) – әскери қайраткер, генерал-майор (1991).

Өмірбаяны Ташкент электротехникалық байланыс институтының радио байланыс және радио хабарларын тарату факультетін бітірген (1965). 1965–67 жылдары Шымкент қалалық теледидар хабарларын тарату орталығында инженер, аға инженер, Оңтүстік Қазақстан байланыс басқармасы ұжымының комсомол комитетінің хатшысы. 1967–68 жылдары Минск қаласындағы КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (МҚК) жедел қызметкерлер даярлайтын жоғары курсында оқыды. 1968–74 жылдары Түркістан облысы бойынша Қазақ КСР мемлекеттік қауіпсіздік қорғау басқармасында жедел іздеу қызметкері, топ жетекшісі, бөлімше бастығы. 1974–78 жылдары Түркістан ауданы бөлім бастығы. 1978–79 жылдары МҚК Оңтүстік Қазақстан облысы басқармасында бөлім бастығының орынбасары. 1979–82 жылдары КСРО МҚК-нің орталық аппаратында бөлім бастығының орынбасары, өндірістік қарсы барлау басқармасының партия ұйымының хатшысы (Мәскеу қаласы). 1982–85 жылдары МҚК Қостанай облысы басқармасы бастығының орынбасары. 1985–87 жылдары МҚК Торғай облысы басқармасының бастығы. 1987–88 жылдары Қазақ КСР МҚК-нің коллегия мүшесі, қарсы барлау басқармасының бастығы. 1988–93 жылдары МҚК Павлодар облысы басқармасының бастығы. 1993–96 жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) коллегия мүшесі, ҰҚК-нің Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша басқарма бастығы. 1996–97 жылдары «Өнім» АҚ президентінің сыртқы байланыс жөніндегі кеңесшісі. 1998 жылдан «Армор групп» ағылшын өкілеттігінің Қазақстандағы жетекшісі.

Марапаттары көптеген медальдармен, КСРО қауіпсіздік комитеті төрағасының бағалы сыйлығымен марапатталған. Қазығұрт ауданының құрметті азаматы (2002).Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:3 қаңтарда туғандар Санат:Қазақстан генерал-майорлары Санат:Ташкент электротехникалық байланыс институты түлектері Санат:КСРО МҚК қызметкерлері Санат:Қазақстан ҰҚК қызметкерлері Санат:Қазығұрт ауданының құрметті азаматтары