Хасен «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9,"Қазақ Энциклопедиясы", 10 том(Хасан) Қошанбаев (1896, қазіргі Ақмола облысыАтбасар ауданы – 1938) – қайраткер, саяси қуғын-сүргін құрбаны. 1912 жылы орыс-қазақ училещесін, 1914 жылы педагогика курсын бітірген. 1914 – 21 жылдары Атбасар уезіндегі 1-телімнің бітімгершілік сотында, “Бірлік” тұтынушылар қоғамында қызмет істеді. 1922 – 23 жылдары Ақмола губерниясының трубинал тергеушісі, азық-түлік комиссарының орынбасары, 1923 – 25 жылдары Ақтөбе Қазақстанның халық комиссарлары (1920 – 1946), А., 2004 губерниясы азық-түлік комиссары, 1925 – 29 жылдары Семей губерниясы сауда бөлімінің төрағасы, 1929 – 31 жылдары Қазақ өлкелік тұтынушылар одағы басқармасының төрағасы, 1931 – 32 жылдары Бүкілодақтық “Астық” бірлестігінің Қазақстан бойынша уәкілі, 1932 – 33 жылдары Батыс Қазақстан облысы атқару комитетінің төрағасы болды. 1933 – 35 жылдары Қазақ КСР-і жеңіл өнеркәсіп халық комиссары, КСРО жеңіл өнеркәсіп халық комиссарының Қазақстан бойынша инспекциясының бастығы, 1935 – 37 жылдары Алматы облысы Кеген ауданы комитетінің хатшысы, Қызылорда ауданы атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. 1937 жылы наурызда тұтқындалып, атылды. 1958 жылы мамыр айында ақталған.
Сілтемелер Тарих Технология Инженерия Қазақстан Дереккөздер
Санат:Қазақстан қоғам қайраткерлері Санат:КСРО-да бұйрықпен атылғандар Санат:1896 жылы туғандар Санат:1938 жылы қайтыс болғандар