Қызылқайнар — Жамбыл облысы, Жамбыл ауданындағы ауыл, Қызылқайнар ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы — Аса ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 35 км-дей жерде, Талас өзенінің жағалауында.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен3732 3243 86,9 1890 1608 85,1 1842 1635 88,8

Тарихы Іргесі 22-партсъезд атындағы көкөніс-сүт өндіретін ұжымшардың бөлімшесі ретінде қаланды. Оның негізінде Қазақстанда “Пірімқұлов” ӨК, шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

Ауыл атау тау беткейіндегі қызыл тастар арасынан қайнап шығып жатқан бұлаққа байланысты қойылған. Ол бұлақтан қазірге дейін ауыл тұрғындары су ішеді, тұрмыстық қажеттеріне пайдаланады. Ауылдың батыс жағында Талас өзені ағып жатыр. Ертеректе Қоқан ханынан қолындағы бүркіт құсын сыйға беріп тұрып, Қырғыз Алатауының етегінен жер сұрап алған Ұлы жүздің Жаңабай руының атасы Ерденнің қонысы болған.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Дереккөздер

Санат:Жамбыл ауданы (Жамбыл облысы) елді мекендері