Колам (сингалша колама - маска, бет перде) - сингал халық театры. Ол аурудың "жынын" аластап қуатын ертедегі салт - жоралардың негізінде пайда болды. Ойынға жын , дию, сондай - ақ маймыл, аю т.б. мақұлықтардың бет перделері пайдаланылған. Кейіннен бет перделердің түрлері көбейіп, король, сапай қызметшілері, шаруалар, ағылшын, француз отаршылары т.б. бейнеленетін болған. Колам ойыны 2 бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімі әдетте ұзаққа созылады. Сахнада корль, сарай қызметшілері бейнеленіп, оларжың алдында би, пантохима орындалады. Кейнгі бөлімі ертегі немесе аңызға құрылған шағын пьесадан тұрады. Ойын астролог бет ердесін киген актердің құдайдан қайырым тілеумен аяқталады. Колам Оңтүстік Шри Ланканың (Цейлон) деревняларында сақталған. Ойын кешке басталып, таң атқанша созылады. Оған маска киген орындаушылар мен қатар тақпақшы, барабаншы және хор қатысады. Әдебиет Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974 жыл,5 том, бас редакторы М.Қ. Қаратаев, 493 бет
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Колам · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.