Джиннифер Мишель Гудвин (; 22 мамыр 1978; Мемфис, Теннеси) — американдық актриса.
Өмірбаяны Ол Тим Гудвин, музыкант және дыбыс жазу студиясының иегері және Линда Гудвин, FedEx компаниясының қызметшісінің отбасысында дүниеге келген. Онын Мелисса атты сіңлісі бар. Ол қуыршақтар аниматоры. Гудвин өзінің Дженнифер атын Джинниферге ауыстырды, себебі ол өзі және оның туыстары оның атын солай айтады.
Бесінші сыныптан бастап Джиннифер әртіс болуды армандады. Мектеп бітіре сала, ол Бостондық университетке көшеді де, оны 2001 жылы бакалавр деңгейінде бітіреді. Оқуды Англиядағы Шекспир Университетінде жалғастырады. Оқу кезінде ол түрлі қойылымдар қоюда қатысты, ол Жанна д’Арк, «Гамлетте» Офелияны және «Венециялық көпесте» Джессиканы ойнады.
2016 жылы ол «Аңдар шаһары» анимациялық фильмінде басты кейіпкер Джуди Хопстың дауысын дыбыстады.https://www.kinometro.ru/news/show/name/Zootopia_russian_cast_8231
2019 жылы Люси Лью және Кирби Хауэлл-Баптистпен бірге «Неге әйелдер өлтіреді» телехикаясында ойнады.https://www.kinopoisk.ru/film/1197956/cast/
Дереккөздер
Санат:АҚШ телевизия актрисалары Санат:АҚШ дыбыс жазу актрисалары Санат:XX ғасыр актрисалары Санат:XXI ғасыр актрисалары Санат:АҚШ кинематографы актрисалары