Қарашоқы – Үстірт жазығының солтүстік бөлігіндегі төбе.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Дияр ауылының оңтүстік-шығысында 135 км жерде, Мыңжылқы сексеуіл қонысының солтүстік-батысында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 189 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 2 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км.

Жер бедері Батысында Доңызтау кемері, солтүстігінде Шағырай үстірті, шығысында Қошқарата құмы бар.

Өсімдігі Сортаңды сор топырағында шөл өсімдіктері өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Байғанин ауданы таулары