Уильям Лассел (; 18 маусым 1799 жыл — 5 қазан 1880 жыл) — британ астрономы.
Өмірбаяны
Англияның Ланкашир графтығының Болтон қаласында дүниеге келген. Ливерпуль қаласы маңынан 24 дюймді (60 сантиметрлі) телескоп-рефлектормен жабдықталған обсерватория құрылысын соққан.
1846 жылы ол неміс астрономы Иоганн Готтфрид Галле Нептун ғаламшарын ашқаннан кейін Нептун ғаламшарының ең ірі серігі Тритон серігін ашты. Ал 1848 жылы Сатурн ғаламшарының серігі Гиперион серігін ашушылардың бірі болды. 1851 жылы Уран ғаламшарының екі жаңа серігі - Ариэль және Умбриэль серіктерін ашты.
1870-1872 жылдары Корольдік астрономиялық қоғамының президенті болды.
Оның құрметіне Айдағы және Марстағы және Нептун сақинасындағы бір-бір кратерге аты берілген. И. Г. Колчинский, А. А. Корсунь, М. Р. Родригес. Астрономы (Биографический справочник), Киев, Наукова думка баспасы, 2-басылым, 1977 жыл
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Ласселл Уильям
Санат:1799 жылы туғандар Санат:1880 жылы қайтыс болғандар Санат:Британия астрономдары