Мухаммед Ибн Махмуд Әл-Амули (т.ж. белгісіз – 1349) – шығыс ғылымы. Өмірі туралы деректер толық сақталмаған. Ульджайту Сұлтан Мұхаммед Хұдабанда (1304 – 16) билік өткен заманда өмір сүргені, Сұлтания қаласындағы медреседе ғылымдық еткені белгілі. Ол – орта ғасырдағы мұсылман ғылымдарының энциклопедиясы ретінде танылған «Ғылымдар қазынасы» атты еңбектің авторы. Бұл туындыда әл-Фараби, ибн-Сина, Сафиад-Дин т.б. шығыс ғылымдарының муз.теориясы мен эстетика жайлы қағидалары талданады. «Ғылымдар қазынасының» 5 бөлімі муз теориясы мәселелеріне арналған. Бұл еңбек кезінде шығысқа кең тарап, музыкалық-теориялық және музыкалық-эстетикалық көзқарастардың дамуына елеулі әсер етті.Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Мухаммед Ибн Махмуд Әл-Амули · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.