Мұз генераторы - мұз қатыру үшін қолданылатын жылу алмастырғыш аппарат. Мұнымен техникада және тамақ өндірісінде пайдалыналатын мұз өндеріледі. Мұз генератор тоңазытқыш машинаға жалғастырылады да, мұз қатырғыш құрылғыға айналады. Оның тікелей салқындататын (мұз буландырғыштың бетіне қатады) және тұздықты түрлері бар. Тұздықты Мұз генераторына тоңазытқыш қондырғының буландырғыш секциялары мен мұз қалыбы орналасқан бак болады. Қалып бактағы тұздықпен (температурасы -10 - 12 С) суытылады. Буландырғыштағы суытқыш агенттің қайнау температурасы тұздықтікінен 5С төмен. Мұз генераторы тәулігіне 100 т мұз өндірсе, заводтардағы мұзды тақталап дайындайтын Мұз генераторы тәулігіне 200 т өнім береді. Түтікше, қабыршық және ұнтақ түрдегі мұз қатыратын генераторда қалым болмайтындықтан жұмыс өнімділігі жоғары болады. Мұндай Мұз генераторы тәулігіне 40 т мұз қатыра алады.Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Мұз генераторы · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.