Мемфис Депай (нидерл. Memphis Depay; 1994 жылы 13 ақпанда Мордрехте туған) — ата-тегі Ганадан келген голландиялық футболшы. "Коринтианс" клубында ойын көрсетеді. 2014 жылы болған Футболдан әлем чемпионатының қола жүлдегері.
Мансабы Клубтық Мемфис роттердамдық Спартада тәрбиеленген футболшы. 2006 жылы ПСВ клубының академиясына көшті. 2012 жылдың 26 ақпанында "Фейеноордқа" қарсы Эвердизиде өзінің ең бірінші ойынын ойнады. 18 наурызда "Херенвенге" қарсы ойынында өзінің бірінші голын соқты. Сол жылы Мемфис Нидерланд кубогын жеңіп алды, ал 2013 жылы Нидерланд Суперкубогын жеңуге өз үлесін қосады. 2015 жылы ПСВ сапынын Манчестер Юнайтед сапына ауысып, ол клубта жолы болмай бар жоғы 2 гол соқты.
2017 жылы Олимпик Лион сапына ауысып керемет өнер көрсетіп өз комадасының лидері болды, 2019/20 жылғы Чемпиондар Лигасының жартылай финалына дейін жетті.
2021 жылы еркін агент болып, Барселона клубына сапына ауысты.
Халықаралық Мемфис 2014 жылғы әлем чемпионатында Нидерланд құрамасының атынан ойнады. 18 маусымда Аустрия құрамасына қарсы ойында Бруно Мартинс Индиді алмастырды және ойынды күрт өзгертті. Бастапқыда, Мемфис Робин ван Персиге голдық доп шығарып берді, ал кейіннен жеңіс голын соғады.
Жетістіктері Клубтық ПСВ Нидерланд кубогы жеңімпазы - 2011/2012 Нидерланд Суперкубогы жеңімпазы - 2012/2013 Манчестер Юнайтед Англия кубогы: 2015/16 Барселона Испания чемпионы: 2022/23 Испания суперкубогы: 2022/23
Халықаралық 2014 жылғы Футболдан әлем чемпионатының қола жүлдегері
Сілтемелер "Soccerway" сайтындағы статистика Netherlands U17 stats at OnsOranje
Netherlands U19 stats at OnsOranje
Санат:Нидерланд футболшылары Санат:Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары Санат:ПСВ ФК ойыншылары Санат:Олимпик Лион ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Атлетико Мадрид ФК ойыншылары Санат:Коринтианс ФК ойыншылары