Шеймус Патрик Девер (, 27 шілде 1976 жыл) — америкалық актер. Әлемге көбінесе "Касл" сериалындағы детектив Кевин Райанның ролімен әйгілі.

Өмірбаяны Шеймус Девер Мичиган штатындағы Флинт қаласында туғанымен, Аризона штатындағы Буллхед-Сити қаласында жастық шағын өткізген. Зиялы отбасыда туған, анасы- тарих профессоры, ал әкесі ағылшын тілі мен драматикалық өнер пәндердің мұғалімі. Жас шағынан бастап Шеймус мектептің өміріне белсенді қатысқан: барлық іс-шараларға қатысып, мектепті бітіргенде қоштасу сөзін айтқан. Мектепті бітірген сон Солтүстік Аризона университетіне түсті. Осы арада актерлік шеберлік пәніне қызығып кетті. Университеттің алдында Шеймус 18 пьесаға қатысып мол тәжирібеге ие болған. Университетте Шекспирдің 15 пьесасында ойнап шығып, жоғарғы білім алды. Университетті 3 жылдың ішінде бітіріп, Карнеги Меллон университетіне қабылданды. Оқу оны Мәскеу, Бостон және Питтсбург қалалары арасында жүріп тұруына мәжбүрледі. Шеймустың айтуынша орыс мұғалімдері оған Станислав әдісін үйретті.

Теледидарда «Зачарованные», «C.S.I.: Место преступления Майами», «Безумцы» және т.б. сериалдарда түскен. Қазіргі кезде көбінесе "Касл" сериалындағы детектив Кевин Райанның ролімен әйгілі.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Твиттер парақшасында