Жәкен Қожахметұлы Таймағанбетов (1953 жыл 14 желтоқсан, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы) — медицина ғылымдарының докторы (1993), профессор (1995). ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі, ҚР Жоғарғы мектеп ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі.Таймағамбетов Жәкен Қожахметұлы: Биобиблиографиялык көрсеткіш /Құраст.: А.Б.Қалы ш, Э.И.Исаева, А., 2003.

Еңбек жолы 1979 жылы ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) және 1983 жылы КСРО ғылым академиясының Сібір бөлімшесі Тарих, филология және философия институтының (Новосибирск қаласы) аспирантурасын бітірген; 1979-91 жылдары тарих, археология және этнология институтында лаборант, кіші, аға ғылыми қызметкер болды; 1991-99 жылдары институт директорының орынбасары қызметін атқарады; 1999 жылдан ҚазҰУ-ла профессор; 2002 жылдан факультет деканы қызметін атқарады.

Шығармалары «Қазақстан палеолиті» тақырыбында докторлық диссертация қорғады; 330-дан астам ғылыми жарияланым мен 35 монографияның авторы.

Марапаты Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты (2001).Қазақстан тарихы: Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2010. – 544 бет. ISBN 9965-893-30-1Отырар. Энциклопедия. – Алматы.«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2

Дереккөздер

Санат:Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері Санат:Қазақстан археологтары