Марсель Марсо (, шын есімі — Марсель Манжель (Marcel Mangel); , Страсбург — , Париж) — француздың мим-актеры. Режисер Ш. Дюллен мен актер Э.Декрудің шәкірті. Лиможда оқыды. 1947 ж. өзінің жеке меншік труппасын ұйымдастырды. Шағын мимикалық көріністердің бас кейіпкерлеріне айналған мұңды әрі күлкілі - Биптің лирикалық бейнесін жасады. "Бип пен көбелек", "Бип - шар сатушы", "Бип - машықтандырушы". Таңдаулы пантомималарының қатарында "Шинель" (Гогольдің шығармасы бойынша), "Париж күледі, Париж жылайды" т.б. бар. Оның өнері драммалық күшке, поэзияға, терең философиялық мазмұн мен шындыққа, бейнелі бояға толы.

Дереккөздер