Астаналық экономикалық форум (қысқартылған АЭФ, ) - Астанадағы штаб-пәтермен байланысу үшін халықаралық және аумақтық платформа. АЭФ Еуразиялық ғылымдар клубының мүшелері және Қазақстан Республикасының басқармасымен 2008-інші жылы құрылған. Жыл сайын Астана қаласында өтеді. 2008-інші жылдан бері АЭФ-ке жүз мемлекеттен сегіз мыңнан астам делегат қатысқан.

Астаналық экономикалық форум әлемдегі ең үлкен халықаралық форумдардың бірі болып табылады. 2008 жылдан бері АЭФ жыл сайын бизнес-қауымдастығының эксперттері мен өкілдерін жинап, қазіргі уақыттағы экономикалық және әлеуметтік мәселелерінің шешімін іздейді.

Форум тақырыптары Қаржылық-экономикалық тұрақтылық Сауданы дамыту және бәсекелестікке жарамдылықты арттыру Инвестициялар, инновациялар, инфрақұрылым Экономикалық өсудің әлеуметтік және мәдени аспектілері Қазақстан 2050 Жаһандану және интеграциялық процесс GLOBAL RISK EXPO-2014

Тарихы Астаналық экономикалық форум өз тамырын 1994 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Мәскеу мемлекеттік университетінде айтқан сөзіндегі, интеграциялық бастамаларының сериясының ұсынысынан тартады. 2007 жылдың маусымында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Еуразиялық ғылым клубын құру туралы сөз қозғады. Еуразиялық ғылым клубы, Еуразиялық қауымдастықтың экономикалық интеграциясымен және халықаралық экономикалық ынтымақтастықты дамытуға көмектеседі. Еуразиялық экономикалық ғылым клубы 2008-інші жылдың 27 маусымында Қазақстан Республикасынң экономика және бюджетті жоспарлау Министрлігінің және экономикалық ғылыми-зерттеу институтының көмегімен құрылды.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Ресми сайттары Астаналық экономикалық форумның ресми сайты Астаналық экономикалық форумның ресми блогы Еуразиялық экономикалық ғылым клубының ресми сайты

Санат:Экономика