Табыс аңсары (, кейде "үш қажетсіну") - АҚШ психологі Д.МакКлелланд ұсынған қажетсіну теориясы. Аталған теория бойынша, адам әрекетіне мынадай үш аңсар түрлі деңгейде ықпал етпек, олар: Табыс аңсары (the need for achievement) - барынша тамаша іс істеп, табысқа қол жеткізу ниеті; Билік аңсары (the need for power) - басқалардың басқаруға түспеу, басқалардың талабы мен талпынысына әсер ету; Сүйіспеншілік аңсары (the need for affiliation) - көңілділікке, достыққа, махаббатқа толы адамаралық байланыс қалыптастыру қажеті.

Жоғары қабілетті адамдардың ерекшелігі тәуекелге барғыш, мұзжарғыш, дербес іс тындыру қабілетінің күшті болуы. Олардың нәтижесін мойындау оларды тіпті де алға бастырады. Жоғары қабілеттілер: Кімді ата-анасы кішкентайынан дербестікке шабыттандырса; Табысқа қарата сыйлық пен мадақ күтіп алса; Табысы оның жағымды көңіл күйімен астасып жатса; Орайшыл, кездейсоқ бақ қонған емес, өз қабілеті мен тырысуы арқылы өз арманын іске асырса; Толғаныс қуаты жоғары болса, Арманшыл болса; Іске кіріскіш болса; Мақсатын қабілетіне сай орналастыра білсе! Сыртқы сілтемелер Табысқа жету сөздігі

Санат:Мотивация