Соркөл – Аралсор көлінің солтүстігінде жатқан сорлы-батпақты өңір.
Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы және Казталов аудандары аумағында орналасқан.
Гидрографикасы Көктемгі жайылма судың (Ащыөзек суының) әсерінен аумағы 13,2 км2 болатын шалшықты-батпақты көл пайда болады. Жағалауы жазық. Суы мол жылдары оңтүстік-шығыстағы Батпақсор сорымен жалғасып, ұзындығы 60 км-лік көлтабан түзеді. Шығысы және солтүстік жағалаулары жайылым, оңтүстік, оңтүстік-батысы шабындық ретінде пайдаланылады.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:Бөкей ордасы ауданы көлдері Санат:Казталов ауданы көлдері