Жалпақсор — Ертіс алабындағы көл.

Географиялық орны Павлодар облысы Ақтоғай ауданы жерінде. Ертіс жазығының орта тұсында, теңіз деңгейінен 98,8 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 10 км 2, ұзындығы 4,7 км, енді жері 3,4 км, жағалау бойының ұзындығы 15,6 км. Жауын-шашын және жер асты суларымен толығады, көктемде көршілес Тайқоңыр көлімен ұласып кетеді.

Жағалау сипаты Жағасы негізінен жайпақ, батпақты, оңтүстік-батысы жарлы. Жазда деңгейі күрт төмендеп, шарасының жағалық бөлігі батпаққа айналады. Суы тұзды. Көктемде ғана мал ішуге жарамды. Алабы – жайылым.

Санат:Ақтоғай ауданы (Павлодар облысы) көлдері Санат:Ертіс су алабы