Рамирес Сантос до Насименто (порт. Ramires Santos do Nascimento; 24 наурыз 1987 жыл, Рио-де-Жанейро, Бразилия) — бразилиялық футболшы, "Палмейрас" футбол клубының жартылай қорғаушысы.

Мансабы Карьерасында Бразилия, Португалия, Англия Қытай клубтарында ойнап, Португалия және Англия чемпионы атанды. 2009 жылы Конфедерациялар кубогына, 2010, 2014 жылдары әлем чемпионатына, 2011 жылы Америка кубогына қатысты. 2014 жылғы әлем чемпионатынан соң ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтады.

2008 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

2012 жылы УЕФА Чемпиондар Лигасының жартылай финалында сырт алаңда "Барселонаның" қақпасына гол соғып, клубтың финалға шығуына көмектесті. Рамирес Мюнхендегі финалға қатыса алмады, бірақ сонда да турнир жеңімпазы атанды.

Жетістіктері

Командалық «Жоинвиль»

Санта-Катарина штатының чемпионы (2): 2005, 2006

«Крузейро»

Минас-Жерайс штатының чемпионы (2): 2008, 2009

«Бенфика»

Португалия чемпионы (1): 2009/10 Лига кубогы (1): 2010

«Челси»

Англия чемпионы (1): 2014/15 Англия кубогы (1): 2012 Лига кубогы (1): 2015 Чемпиондар лигасы (1): 2012 УЕФА Еуропа лигасы (1): 2013

Бразилия

Конфедерациялар кубогы (1): 2009

Жеке

Бразилиядағы күміс доп иегері (1): 2008 «Челсидің» маусымдағы үздік голы (2): 2011, 2012

Сыртқы сілтемелер

soccerbase сайтында профилі

Челсидің ресми сайтында профилі

Санат:Бразилия футболшылары Санат:Челси ФК ойыншылары Санат:Бенфика ФК ойыншыларыСанат:Крузейро ФК ойыншылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Палмейрас ФК ойыншылары