Неманья Матич (, 1 тамыз 1988, Шабаце, Югославия) — серб футболшысы, "Манчестер Юнайтед" футбол клубы мен Сербия құрама командасының жартылай қорғаушысы. 2018 жылы әлем чемпионатына қатысты.

Клубтағы мансабы Челси 16 жасында алғаш матчын «Колубара» клубында өткізіп, алғашқы маусымында 16 матч өткізді. 2007 жылы Цоргонь-лигасының «Кошице» клубына көшіп кетті. Словакияның чемпионатында 64 матч өткізіп, 4 гол соқты. Сондай-ақ Словакияның азаматтығын алды. 2009 жылы «Кошиценің» құрамында «Артмедия» клубын 3:1 есебімен жеңіп, Словакия Кубогін ұтып алды.

2009 жылы Челси клубына 1,5 млн. еуроға көшіп, 4 жылдық контракка қол қойды.

2010 жылы жалға беру бойынша нидерландиялық «Витесс» клубына көшті. Бенфика 2011 жылы лиссабондық «Бенфикаға» Давид Луистың көшуі бойынша беріліп, лондондық клуб тағы да 22 милл. фунт төледі. 2012 жылы «Бенфиканың» құрамында Португалия Кубогін ұтты. Челсиға қайта оралуы 2014 жылы 15 қаңтарда Челсидің ресми сайтында Матичті қайта 25 млн.евроға сатып алғаны жарияланды.Матич Челсимен 5,5 жылдық контракка қол қойды.

Манчестер Юнайтед 2017 жылы жазда "Манчестер Юнайтедке" ауысты. Жаңа клубындағы тұңғыш ойынын 8 тамыз күні УЕФА суперкубогында "Реал Мадридке" қарсы өткізді.

Ұлттық командадағы мансабы Сербия құрама командасы үшін алғаш матчын 2008 жылы 14 желтоқсанда Польшаға қарсы жолдастық матчта өткізіді.Сондай-ақ 2014 жылы әлем чемпионатында Сербия құрамасының негізгі құрамында өнер көрсетті. Жетістіктері Словакия кубогы: 2009 Англия чемпионы: 2009/10, 2014/15, 2016/17 Англия кубогы: 2010 Англия лига кубогы: 2015 Португалия лига кубогы: 2012 Сыртқы сілтемелер soccerbase сайтында профилі Челсидің ресми сайтында профилі

Санат:Сербия футболшылары Санат:Сербия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Челси ФК ойыншылары Санат:Бенфика ФК ойыншылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Витесс ФК ойыншылары Санат:Сербия және Черногория футболшылары