Серхио Леонель Агуэро дель Кастильо (ис. Sergio Leonel Agüero del Castillo; 2 маусым 1988 жылы, Кильмесь, Буэнос-Айрес провинцияcы, Аргентинада туған) — аргентиналық футболшы.

Мансабы Клубтық Серхио Агуэро 1988 жылдың 2 маусымының Кильместе туды, Буэнос-Айресте қала маңының көп балалы отбасында дүниеге келді. Агуэро балалық шағында білімге аса тырыспады. Мектепте оған математика және ағылшын тілі ұнаған. Көшеде, үлкен балалармен ойнау арқасында Агуэро өзінің барлық қабілеттерін жақсартты - техниканы, жылдамдықты.

«Идепендьенте» балалар командасында Агуэро Аргентина елінің чемпионы болды. Содан кейін Агуэроға Франсиско Ферраро, Аргентинаның жастар құрамасының бапкерінің көзі түсті. Біраз уақыттан кейін Агуэроны — «Реал» (Мадрид), «Бавария»(Мюнхен), «Манчестер Юнайтед» байқады. Агуэроға Аргентинаның басты құрамына орын табылған жоқ, онымен бірге Мессиға да, Тевесқа да.

2006 жылы 30 мамырда «Индепендьенте» Агуэроны «Атлетико» командасына 23 миллион евроға сатып жіберді. Торрес «Ливерпуль» командасына кеткеннен соң, Агуэро «Атлетико Мадрид» командасының жаңа капитаны болды.

2010 жылдың 4 қантарында Агуэро «Атлетико» командасымен 2014 жылға дейін келісім-шартын 5,8 миллион евроға ұзартты.

«Тоттенхэм» командасы қантардың соңында Агуэроны 45 миллион евроға сатып алғысы келді. Бірақ «Атлетико» бас тартумен жауап берді.

2011 жылдың мамырында Агуэро «Атлетико» командасынан кетуін жариялады. Агуэроның бағасы 38 миллион фунт болды.

2011 жылы Копа Америка чемпионаты біткенен кейін, аргентиналық ойыншы өз Отанында қалып «Манчестер Сити», «Атлетико» командасымен келісім сөздер жүргізіп жатты. 26 шілде күні Манчестер қаласына ұшып барып, келісім шартқа қол қойып, сол күннен бастап «Манчестер Сити» командасының ойыншысы болып танылды. Бұл келісімнің суммасы 38 миллионов фунтты құрады. Ал аргентиналық ойыншының жалақысы аптасына 226 мың фунт, ал жылына 11,8 миллион фунт. «Манчестер Сити» командасында Агуеро 10 номерде ойнады. Аргентина шабуылшысы «Манчестер Сити» клубымен 5 жылдық келісім шарт қойды. Алғашқы ойынын 16 тамызда «Суонси Сити» құрамасына қарсы ойына Агуэро екі гол соғып, шалқалай құлап нәтижелі пас берді. Нәтижесінде «Манчестер Сити» 4:0 есебімен жеңіске жетті.

2011-2021 жылдар аралығында «Манчестер Сити» сапында 10 жылын өткізіп, 2021/22 маусымда Англия чемпионы атанды және де Чемпиондар лигасының финалына дейін жетті. Ал 1 шілдеде Агуэро клубтан кетіп, еркін агент ретінде "Барселона" клубына ауысты.

Халықаралық Қатысқан турнирлері

Жастар арасындағы әлем чемпионаты: 2005, 2007 Жазғы Олимпиада: 2008 Әлем чемпионаттары: 2010, 2014, 2018 Америка кубогы: 2011, 2015, 2016, 2019, 2021

Жетістіктері

Командалық

«Атлетико Мадрид»

Интертото кубогы: 2007 Еуропа лигасы: 2010 УЕФА суперкубогы: 2010

«Манчестер Сити»

Англия чемпионы (4): 2011/12, 2013/14, 2017/18, 2018/19, 2021/22 Англия кубогы: 2018/19 Англия суперкубогы (3): 2012, 2018, 2019 Лига кубогы (5): 2013/14, 2015/16, 2017/18, 2018/19, 2019/20

Аргентина

Жастар арасындағы әлем чемпионы (2): 2005, 2007 Олимпиада чемпионы: 2008 Әлем чемпионатының күміс жүлдегері: 2014 Америка кубогының күміс жүлдегері: 2015, 2016 Америка кубогының жеңімпазы: 2021

Жеке

«Манчестер Сити» тарихындағы үздік мерген: 254 гол Жастар арасындағы әлем чемпионатының үздік мергені 2007 (6 гол) Англия чемпионатында ең көп гол соққан шетелдік ойыншы: 184 гол

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:Аргентина футболшылары Санат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан Олимпиада чемпиондары Санат:Индепендьенте ФК ойыншылары Санат:Атлетико Мадрид ФК ойыншылары Санат:Манчестер Сити ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары Санат:2008 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:Аргентина Олимпиада чемпиондары Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары