Ақжағал қырқылдақ () - Sternidae тұқымдасының қара қырқылдаққа ұқсас құс.
Одан айырмашылығы ақжағал қырқылдақтың тамағы және жағы ақ болғандықтан, жақсы байқалады. Бұдан басқа қара түс оның басында ғана басымырақ, ал бүкіл қалған денесі сұр түсті. Туыстық басқа өкілдерінен айырмашылығы тұмсығы және аяғы қызыл.
Мекені Негізінде бұл құс тропиктер мен субтропиктер құсы, қоңыржай белдеуге енуіне алыс емес. Қазақстанда Жайық, Торғай және Сырдария өзендерін бойлай ұялайды. Сирек кездеседі. Өмір сүру дағдысы туыстын басқа өкілдерінлегідей. Қазақстанда мамырдың алғашқы жартысында болып, қыркүйек басталғанға дейін ұшып кетедіМектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010 .
Галерея
Дереккөздер
Санат:Жануарлар Санат:Еуразия құстары Санат:Африка құстары Санат:Аустралия құстары