Дубовка (бұрынғы атауы – "Қаракөл") — Қарағанды облысы Абай ауданындағы ауыл, Дубов ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Абай қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 9 км-дей жерде, Соқыр өзенінің оң жағалауындағы қау, сұлыбас, боз өскен күңгірт қызыл-қоңыр топырақты тастақ далада орналасқан.

Инфрақұрылымы Дубовкада орта мектеп, балабақша, клуб, дәрігерлік амбулаторлық пункт, емхана, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен3843 3993 3702 92,7 1911 1805 94,5 2082 1897 91,1

Дереккөздер

Санат:Абай ауданы (Қарағанды облысы) елді мекендері‎