Қурай жусанҚазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5 () – астралылар тұқымдасы, жусан туысына жататын бір немесе екі жылдық ұсақ бұталы өсімдік.
Ботаникалық сипаты Биіктігі 30-70 см. Тамыры жіңішке. Сабағы тік, жоғарғы жағы селдір, төменгі бөлігі тықыр, қоңыр немесе қызыл күлгін түсті. Жапырағы жұмыртқа пішіндес, бүтін не қауырсын тәрізді екі-үштен тілімделген. Гүлдері дара жынысты, сарғыш, ашық қызғылт түсті. Сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Шілде-тамыз айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі - дәнек.
Өсетін жері мен таралуы Қурай жусан Еуропаның орталық және шығыс бөлігінде, Азияның қоңыржай белдеулерінде өседі. Ресейдің кейбір жерлерінде кездеседі. Қазақстанда барлық аймақта - дала, шөл, шалғынды, құм, құмайт топырақты желерде таралған. Жылқы, қой, түйе малдарына жақсы жейтін жайылымдық өсімдік.
Қолданысы Гүлінің құрамындағы эфир майы косметикалық заттар жасауда қолданылады. Өсімдіктің кептірілген түрі арақ-шарап жасау өнеркәсібінде пайдаланылады. Халық медицинасында өсімдіктің жер бетіндегі бөліктерінен жасалған дәрілерді эпилепсия кезінде, ішек құрттарын жоюға және дененің жаралы жерлеріне басу үшін қолданады. Сыпыртқы жасайды. Кейде сәндік үшін отырғызады.
Дереккөздер
Санат:Жусандар Санат:Күрделігүлділер Санат:Қазақстан флорасы