Унгуз қазан шұңқыры — Орталық Қарақұмның солтүстігіндегі қолатты ойпаң. Әмудария өзені аңғарынан солтүстік-батысқа қарай созылған. Ұзындығы 470 км. Солтүстігінен қырқалы Унгуз сырты Қарақұмымен, оңтүстігінен жалды құммен қоршалған. Аралары үрмелі құм кезеңдерімен бөлінген. Ені 1-4км, ұзындығы 15 км-дей бірнеше кең ойыстар тізбелерінен тұрады. Унгуз қазан шұңқырының пайда болуы жөнінде тұрақты тұжырым жоқ. Зерттеушілердің бір тобы оны Әмударияның көне арнасы десе, екіншілері оны қарст-суффозиялық ойысқа жатқызады. Қазақ Совет энциклопедиясы Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Унгуз қазаншұңқыры · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.