Шорқара – төбелі-қырқалы, қалдық-денудациялық ұсақ шоқы.
Географиялық орны Ақмола облысы Шортанды ауданы Жолымбет ауылынан 18 км солтүстік-батыста, Астана қаласының солтүстігінде 110 км жерде орналасқан.
Жер бедері мен геологиялық құрылымы Абсолюттік биіктігі 412 м. Ені мен ұзындығы 1,5-2 км. Пішіні домалақша келген. Беткейлері көлбеу, әлсіз тілімденген. Құрылымы делювийлік-пролювийлік шөгінділерден тұратын ордовик жынысы.
Өсімдігі Қара топырағында-петрофитті шөптесін өсімдектер мен сұлыбас-селеу тараған.А 37 Астана:Энциклопедия.-Алматы: «Атамұра», 2008.-57
Дереккөздер
Санат:Шортанды ауданы таулары