Мжаванадзе Василий Павлович (20.09.1902 ж. т., Кутаиси қаласы) — совет партия қайраткері. 1927 жылдан КОКП мүшесі. 1915-24 жылдары Цулукидзе қаласында жұмыс істеді. 1924 жылдан бастап Совет Армиясының қатарында болды. 1937 жылы Ленинградта В.И.Ленин атындағы әскери-саяси академияны бітіріп, полк комиссары, армия штабының әскери комиссары болды.1941-45 жылы Ұлы Отан соғысы кезінде әскери құрамалар комиссары, армиялар әскери советінің әскери мүшесі. 1945-53 жылдары Харьков, Киев, Прикарпат әскери округтары әскери советінің мүшесі. 1942 жылдан бастап генерал-майор, 1944 жылдан генерал-лейтенант. 1953-72 жылдары Грузия КП ОК-нің 1-секретары. 1972 жылдан пенсияда. КОКП 20,22-24-съездерінің делегаты. 1956-72 жылы КОКП ОК мүшесі.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Василий Павлович Мжаванадзе · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.