Қызылсоқ – Самсы және Құтырған өзендерінің аралығындағы аласа тау.

Географиялық орны Алматы облысы Жамбыл ауданы, Үңгіртас ауылының шығысында 13 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 948 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 9 км-ге созылған, енді жері 2,5-3 км. Көлбеу беткейі адырлы келген, олар өзен арналарымен, сай-жыралармен тілімденген. Солтүстігінде Тұрағылды қоңысы, солтүстік-шығысында Шилі, батысында Қозыбасы таулары бар.

Өсімдігі Таудың шалғынды қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында бұта аралас бетеге, боз, жусан, изен, ебелек, тағы да басқа астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер өседі. Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) таулары