Мурзин Ашот Хамзаұлы (1936 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы) – агроном. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1959). Зеренді ауданы ауыл шаруашылығы инспекциясында агроном, тұқым өсіруші (1959 – 60), БЛКЖО-ның ХХХ-жылдығы атындағы ұжымшарда, Зеренді кеңшарының бөлімшесінде, Пухальский кеңшарының бөлімшесінде агроном (1961 – 63), Рузаев ауданы Парижская коммуна кеңшарында, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Лавровский кеңшарында аға агроном (1963 – 68), директоры (1968 – 77), Рузаев ауданы атқару комитеті ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы (1977 – 80), Есіл ауданы халық депутаттары кеңесінің төрағасы (1980 – 87) қызметтерін атқарған. Еңбек Қызыл Ту (1971), «Құрмет белгісі» (1976) ордендерімен, екі медальмен, ҚазКСР Жоғары Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған. Дереккөздер</span> «Ақмола облысы» энциклопедиясы
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Ашот Хамзаұлы Мурзин · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.