Евгений Павлович Леонов (2 қыркүйек 1926, Мәскеу, — 29 қаңтар 1994, Мәскеу) — кеңестік және ресейлік театр мен кино актёрі. КСРО халық әртісі (1978). КСРО мемлекеттік сыйлығының (1976) және Ресей Федерациясы мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1992).
Өмірбаяны Евгений Павлович Леонов - Павел Леонов пен Анна Ильяқызының отбасында дүниеге келген. Павел авиазаводта инженер, ал анасы үй шаруасындағы адам болған. Евгений отбасында екінші бала еді. Ағасы Николай Евгенийден екі жас үлкен болған. Леоновтар Васильевский көшесіндегі екі бөлмелі коммуналды пәтерде тұрған. Ұлы Отан соғысы басталған кезде, Евгений енді ғана жетінші сыныпты бітірген еді. Ата-анасының кеңесімен ағаш ұстасының шәкірті атанады. Соғыс кезінде ол жерде отбасының бар мүшесі қызмет етті: әкесі — инженер, анасы — тақташы, ағасы — көшірмеші болды.
Күзде Евгений Леонов Серго Орджоникидзе атындағы Әуе Техникумына оқуға түседі. Үшінші курста Ростислав Захаров басқарған Мәскеу театралды тәжірбие драма студиясына түседі, 1947 студияны бітіріп, Дзержинский атындағы Мәскеу театрына қабылданады. 1948 жылы К. С. Станиславский атындағы театр сахнасында өнер көрсетеді. 1968 жылдан — В. В. Маяковский атындағы театр актёрі. Евгений Леонов түскен фильмдердің ішіндегі ең сәтті шыққаны - Джентельмен удачи.
Дереккөздер
Санат:2 қыркүйекте туғандар Санат:Мәскеуде туғандар Санат:29 қаңтарда қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:КСРО халық әртістері Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Ресей мемлекеттік сыйлығының иегерлері