Қарағұл кесенесі – Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері Мұғалжар ауданы, Бұлақты ауылынан шығысқа қарай 45,7 км жерде.
Кесене сипаты Кіші Жүз қазақтарының құрметке бөленген өкілдерінен біреуінің басында тұрғызылған. Бұл XIX ғасырдың, көркем күмбезді кесенелер тобы ішінен айрықша ескерткіштердің біреуі. Ескерткіш бөлекше, төбеде орналасқан, қасында бірнеше жақын заманның мазарлары бар. Оңтүстік алдыңғы жағымен күмбезді кесене жоспарында салынған тікбұрышты ғимарат. Бір қатарлы блокты цоколдан іргетассыз тұрғызылған, қабырғалары үш қатпарлы конструция болады. Қабырға қиюлыларының екі деңгейлерінде горизонтальді блоктар қойылған. Күмбезі үшкірлеу келген ложный свод техникасымен салынған. Көлемі 4,02х40,5 м жоспарында. Биіктігі 6,0 м.
Дереккөздер
http://www.madenimura.kz
Санат:Қазақстан кесенелері Санат:Ақтөбе облысы сәулеті Санат:Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері