Ага - () - үлкен құрбақа, құйрықсыз қосмекенділердің ең ірі түрлерінің бірі.

Биологиялық сипаттамасы Дене тұрқы - 25 см-ге дейін, көлденеңі - 12 см, үсті қоңыр немесе сұр, қара дақты, бауыры ақшыл болады. Көзінің үстінде сүйек төмпешігі, мойының екі жағында үлкен құлақ бездері бар.

Ага күндіз жасырынып жатып кешке жем аулауға шығады; құрт, ұлу, шыбын-шіркейлерді, кішігірім қос мекенділерді жейді

Таралуы Ага Оңтүстік, Орталық Америкада және Антиль аралдарында кездеседі.

Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Санат:Биология Санат:Жануарлар Санат:Құрбақалар