Андас батыр ауылы (2006 жылға дейін – Ново-Воскресеновка)Жамбыл облысы Меркі ауданы Ново-Воскресеновка ауылдық округінің және Ново-Воскресеновка ауылының аттарын өзгерту туралы — Жамбыл облысы Меркі ауданы, Андас батыр ауылдық округі орталығы.

Андас батыр - өз заманында батырлығымен, ақылдылығымен, сөзге шешендігімен танылған парасатты адам болған. Ол кісі інісі сыпатай екеуі өз ағайындарын Іле бойынан осында әкеп қоныстандырған екен. Сондықтан бұл өңір Андас батыр қыстауы аталып келген.

Географиялық орны Аудан орталығы - Меркі ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 23 км-дей жерде. Ауыл оңтүстік-шығысында Қырғыз Республикасымен, батысында Жаңатоған ауылдық округімен шектеседі. Қырғыз Республикасы мен Андас батыр ауылдық округін Аспара өзені шекара ретінде бөліп тұр. Екі елдің кедендік бекеті де осы жерде орналасқан. Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен5225 5599 107,2 2475 2782 112,4 2750 2817 102,4

Инфрақұрылымы Ауылда орта мектеп, фельдшерлік пункт, байланыс бөлімшесі, кітапхана, тамақтандыру орындары бар.

Дереккөздер

Санат:Меркі ауданы елді мекендері