Көкек жанаргүлі () - қалампыр тұқымдасына жататын көп жылдық, шөп тектес өсімдік.

Сипаты thumb|left|180px| Биіктігі 90 см-ге жуық. Сабағын төмен қараған қысқа түк басқан. Сопақша келген жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, екі жағында да аздаған түктері бар. Гүлдері қызыл, бұтақтарының ұштарында сыпырғы сықылданып шоғырланып тұрады. Гүл сабақтары қысқа, тостағаншасы қоңырау секілді, үстіңгі жағында үш бұрышты өткір тістері бар. Маусым-шілде айларында гүлдейді. Ылғалды жерлерде, батпақтардың шеттерінде, орман ішіндегі алаңдарда, жоңышқалы шабындықтардың арасында кездеседі.

Емдік қасиеті Дәрілік мақсат үшін көкек жанаргүлінің жер үстіндегі бөлігін пайдаланады. Халық арасында бұл өсімдікті сары ауруға, бронх қабынуына, ревматизмге қарсы қолданады. Жатырдан және басқа органдардан қан кеткен жағдайларда ем үшін пайдаланады. Сыртқы жараларды жуады және қышыманы емдейді. Іріңді жараларға компресс ретінде сыртынан таңып байлап қоюға болады.

Дәріні дайындау және қолдану тәсілі Ішуге: өсімдіктің 20 грамын 200 мл қайнап тұрған суға салып, 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді. Дененің сыртына жағуға да осындай тұнба жасайды, ол үшін өсімдіктің 10 грамын ғана алады. Спиртті тұнба: 25 грамм өсімдікті 10 мл спиртке салып, 8-10 күн тұндырады да, күніне 20-40 тамшыдан 3 рет ішеді.Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.

Дереккөздер

Тағы қараңыз Дәрілік өсімдіктер

Санат:Қалампырлар Санат:Дәрілік өсімдіктер Санат:Қазақстан флорасы