Аббас Сиххат немесе Саххат немесе Аббасгули Алиаббас оглы Мехти-заде (1874, Шемаха — 11 шілде 1918, Гәнжә) - азірбайжанның романтик ақыны.
Шемаха молданың отбасында туған. Мешхед пен Тегеранда медицинаға оқыған. 1901 жылы Шемахаға қайтып келгенен кейін медицинаны қойып мектепте азербайжан тілі мен әдебиеттен сабақ бере бастайды. Алғашқы романтикалық лирикасы табиғатты суреттеуге аралған. Аббас Сиххат 1906 ж. буржуазиялық интеллигенцияны әшкерелеген біреше шығарма жазды ("Оқыған мұсылмандар",1910; "Өзімшілдерге" т.б.). Орыс, парсы, француз тілдерін жетік білген. Пушкин, Лермонтов, Крылов, Никитин, Кольцов, Горькийден т.б. аударғандары жеке жинақ болып басылды (1912). Аббас Сиххаттың азербайжан тіліндегі жинағы да 1912 ж. шықты.
Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998