Голинцев Павел ДмитриевичГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), Қазақстанда колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі. 1914 жылы Ресейде, Новосібір облысы, Черепанов ауданы, Зимовье селосында туған.

Еңбек жолы мен жетістігі 1934-1936 жылдары Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы), Бородулиха ауданына қоныс аударып, "Заветы Ильича" ауылшаруашылығы артеліне жұмысқа кіріп, трактор бригадасында есепші болып еңбек етеді. 1936 жылы арнайы курс бітіріп колхозда 5 жыл есепші болып істейді. 1942 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы), Бородулиха ауданы, "Заветы Ильича" колхозының председателі болады, 1943 жылы КОКП мүшелігіне өтеді. 1947 жылы колхоз межелеген 9 ц орнына астық дәнді дақылдардың әр гектарынан 14,8 ц-ден өнім жинайды. Мал шаруашылығын дамыту жоспарын асыра орындайды. 1947 жылы 66 гектар жаздық бидайдың әр гектарынан 31 центнер өнім алады.

Наградалары "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Еңбек Қызыл Ту ордені Социалистік Еңбек Ері (1948) Медальдар

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері