Гущин Дмитрий ИвановичГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), Қазақстанда колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі. 1902 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында туған.

Еңбек жолы мен жетістігі 1929 жылы алғашқылардың бірі болып "Путь к социализму" атындағы ауылшарушалық артеліне жұмысқа кіреді. 1933-1936 жылы колхоз председателінің орынбасары болып істейді. 1937 жылы - ауылшаруашылығы артелінің председателі, одан кейін "Новая жизнь" колхозының председателі болады. 1946 жылы межеленген 9,3 ц-дің орнына барлық астық дәнді дақылдар алқабының әр гектарынан 11,9 ц-ден, ал 1947 жылы әр гектарынан 11,4 ц-ден өнім алады. Осындай жоғары көрсеткіштері үшін 1946 жылы "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен, ал 1947 жылы "Еңбек Қызыл Ту" орденмен және "За трудовое отличие" медалімен наградталады.

Наградалары "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1946) "За трудовое отличие" медалі (1947) Еңбек Қызыл Ту ордені Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері